Шымкентте заңсыз айналымнан 10 бірлік қару алынды
Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 64 адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, отты атыс қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 3-і мен наурыз айының 2-і аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында осы күнге дейін ішкі істер органдарында тіркеудегі 6 282 қару иесінің 1 234 тексеріліп, 64 қару иесінен қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзу фактілері анықталып, оларға әкімшілік шара көрілді.
Заңсыз айналымнан 10 бірлік қару, үш дана снаряд, екі дана суық қару және бір дана оқ-дәрі алынды.