Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин талаптарын бұзған шымкенттіктер жауапкершілікке тартылды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мобильді топпен бірлесіп, тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 14 ақпанында сағат 15:00 шамасында рейдтік шара жүргізу барысында Абай ауданы Утегенов көшесі бойында орналасқан «Гранд Кинза» мейрамханасында қыз ұзату тойы өтіп жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабымен тиісті шара қолдану үшін Абай ауданы Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру