Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мойынқұм ауданында қылмыс деңгейі 20 пайызға төмендеді

Мойынқұм ауданында қылмыс деңгейі 20 пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Мойынқұм ауылында қорытынды жедел кеңес өткізді, онда аудандық полиция бөлімінің 2020 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды.

Өз есебінде Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің бастығы Жарас Тохабаев жұмыстың оң нәтижелері, яғни қылмыстарды ашу пайызының ұлғаюына, пәтер ұрлығы мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың азаюына, сондай-ақ тіркелген қылмыстық істер санының төмендеуіне байланысты көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік деңгейінің артқаны туралы баяндады.

Кеңесті қорытындылай келе, Жанат Сүлейменов жұмысты күшейтуді талап ететін мал ұрлығының алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, кадр саясатын күшейту және учаскелік полиция инспекторларының рөлін арттыру бағыттарына тоқталды.

– Полиция ашық болуы керек. Ол үшін қоғаммен диалог қажет, – деді Жанат Қуанышұлы.

Содан кейін қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін полицияның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ, жас мамандарды тәрбиелеуге және қоғамдық тәртіпті қорғауға белсенді қатысатын азаматтар алғыс хатқа ие болды. Олардың арасында ІІО ардагерлері жас қызметкерлерді патриоттық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде одан әрі үлкен көмек көрсететіндерін, өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісетінін айтты.

Одан кейін ПД бастығы Жанат Сүлейменов учаскелік полиция пунктіне барды. Учаскелік полиция инспекторы Ерік Нұрғазиев қызмет көрсететін аумағындағы жедел жағдай туралы баяндады. Тұрғындардың айтуынша, учаскелік инспектор өзінің қызметтік борышын жақсы орындайды, қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғаларына дер кезінде және тез әрекет етеді, тәуліктің кез келген уақытында ауыл тұрғындарына көмекке келеді.

– Қоғам қолдаса полицияның жұмысы тиімді болады. Өңірлік Полиция департаментінің басшылығы полицейлердің, соның ішінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту үшін көп жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз, – деп атап өтті ІІО ардагері Темірбек Көпбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың «полиция қадамдық қолжетімділікте» бағдарламасы шеңберіндегі тапсырмасына сәйкес, Полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменов аудан орталығынан 270 шақырым жерде орналасқан Ақбақай ауылына барды. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларды ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға шақырды. Ақбақайлықтар шалғайдағы осындай кездесулер үшін полиция генерал-майорына алғыс айтып, халықпен кері байланысты нығайту шараларына оң баға берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру