Ақмола облысында қалың қар мен боран салдарынан жолдар жабылды
2021 жылғы 23 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– сағат 07-30-да «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолы (Есіл ауданындағы Жақсы кенті-Бұзылық ауылы);
– сағат 07-30-да «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолы (Сұрған ауылы-Қостанай облысының шекарасы);
– сағат 07-30-да «Жезқазған-Петропавловск» автожолы (Қостанай және СҚО шекарасынан Жарқайың, Есіл аудандары);
– сағат 07-30-да «Екатеринбург-Алматы» автожолы (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);
– сағат 09-00-де «Екатеринбург-Алматы» автожолы (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);
– сағат 09-00-де «Көкшетау-Атбасар» автожолы;
– сағат 10-30-да «Щучинск-Зеренді» автожолы;
Осы орайда полиция қызметкерлері барлық автокөлік жүргізушілеріне жолда өте мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, автомобильдер арасында қауіпсіз арақашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасаудан аулақ болуға кеңес береді.