Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бензин генераторын ұрлаған азамат ұсталды

Генератор ұрлаған күдіктіні қызылордалық полицейлер қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына газ компанияларының бірінің қызметкері арызданған. Оның айтуынша, 16 ақпан күні түнде «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан газ құю бекеттерінің бірінен белгісіз біреу бензин генераторын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 710 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының 1970 жылы туған тұрғыны құрықталды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру