Полицейлер мүмкіндігі шектеулі шымкенттік қарт анаға көмек берді
Полицейлер мүмкіндігі шектеулі шымкенттік қарт анаға көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарт ананың жүзіндегі жылы мейірімнен артық алғыс жоқ. Қолын кеудесіне қойып, рахмет айтты. Дәл осы сәт жүрегімізді елжіретті».
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кезекті қайырымдылық шарасын осылай сипаттады. Мүмкіндігі шектеулі немересін асырап отырған қарт әжейдің шаңырағына арнайы барып, хәл-жағдайын сұраған тәртіп сақшылары ізгілікті іске ұйытқы болды.
– Әріптестерімізбен бірге шама-шарқымызша әлеуметтік қолдау көрсетуге тырыстық. Әжейдің ықыласын көргенімізде көңіліміз босады.
Айналамыздағы мұқтаж жандарға көмек беру баршамыздың ортақ парызымыз, – дейді Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының өкілдері.