Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Шымкенттік оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы Әсел Бекдуалиева оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Яғни бастауыш сынып оқушыларына көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүру және бағдаршамның түстері мен қызметі туралы түсіндірілді. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.

– Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе құлаққапты құлағына салып алып, көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады. Сондықтан ата-аналарға балаларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, қадағалап отыру керектігін айтқым келеді, – дейді Әсел Адамбекқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру