Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер 8 баласы бар жанұяға көмек көрсетті

Наурыз мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының полицейлері көп балалы отбасыға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданында сегіз баланы тәрбиелеп отырған отбасыға көмек көрсетілді. Балалары 2003, 2005, 2007, 2009, 2012, 2015, 2017, 2019 жылы туған жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары аталған отбасыға арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді.

– Осындай қиын-қыстау сәтте көмек көрсеткен құқық қорғау саласы мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Жақсылықтары Алладан қайтсын!, – дейді қала тұрғыны.


Жақсылыққа жаны құмар сала өкілдері:

– Қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету, – дейді.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратып, өз көмектерін көрсетуді дәстүрге айналдырған. Қол ұшын созған полицейлерге көпбалалы отбасының отағасы алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру