Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сот өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырған алматылық мас күйінде қайтадан рөлге отырды

Сот өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырған 24 жастағы Алматы тұрғыны мас күйінде қайтадан рөлге отырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД Анықтау басқармасының хабарлауынша, 1997 жылы туған З. есімді азамат, алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған кезде үш рет ұсталған.

– Оған бірінші рет ҚР әкімшілік заңнамасына сәйкес шара қолданылды – сот оны көлік құралын басқару құқығынан айырды. Алайда, 2019 жылы өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, көлік жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан, алкогольдік мас күйінде қайтадан рөлге отырып, ұсталды. Осы құқық бұзушылық үшін жас жігіт ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыс белгілері бойынша жауапқа тартылды. Сот үкімімен З. есімді азамат тоғыз айға қамауға алынды және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Жақында ол тағы да рөлге отырды, бұл жолы есірткіге мас болды, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. З. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

– Ағымдағы жылдың басынан бері 22 автокөлік жүргізушісі нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көлік құралын өмір бойына басқару құқығынан айырылды. Олардың әрекеттерін анықтау Басқармасының ЖКО ЖБ анықтаушылары ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша квалификациялады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 12 жүргізушінің қылмыстық жауапкершілігі Алматы қаласының аудандық сотымен қаралуда, – деді Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру