Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған ойынхананы анықтады

Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған ойынхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция басқармасы бөліміне қарасты №2 УПП учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты аралау барысында Абай және Гагарин көшелері қиылысының алдында орналасқан «Game Zona» ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқанын анықтады.

Учаскелік полиция инспекторлары аталған ойынхананың әкімшілігіне бұл іс-әрекеттің заңсыз екенін түсіндірді. Ойынхана залында 15-тен аса адам жиналған.

Анықталған жайтқа қатысты шара қабылдау үшін Абай ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.

Полиция қызметкерлері карантин талаптарын сақтау керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру