Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар жалғызбасты қарияға көмектесті
Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар жалғызбасты қариямен бірге тал екті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың аудандағы жалғызбасты қарияның ауласына тал егуіне ықпал жасады.Аталған қайырымдылық іс-шарасын аудандық пробация қызметі Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құралған "Жастар" еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.
- Ізгі іс-шарасы кезінде есепте тұрған сотталғандар аудандағы жалғызбасты қарияның ауласын күл-қоқыстан тазартып, тал егіп берді.
Жалпы, қайырымдылық іс-шарасы - 2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес ұйымдастырылды және шараны өткізудгі мақсатымыз - пробация есебінде тұрған сотталғандарды еңбекке баули отырып, оларды айналасына мейіріммен қарауға шақыра отырып, қылмыстың алдын алу, болдырмау.Сонымен қатар, есепте тұрған сотталғандардың айналасындағыларға жәрдем беріп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі - олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі деп сенеміз, - дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Есет Әбдіразақов.