Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қайта құқықбұзушылыққа барған есепте тұрған сотталған қамауға алынды

Ақтөбеде қайта құқықбұзушылыққа барған есепте тұрған сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішімдікке мас болып, әйеліне қол көтерген Ақтөбе облысының Темір ауданында Пробация есебінде тұрған 46 жастағы тұрғыны құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін Сот үкімімен екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталған азамат бұдан бір жыл бұрын көршісінің тоңазытқышындағы 10 келі етін ұрлағаны үшін істі болып, үш жылға сотталып, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын.

Пробация қызметіне есепке алу барысында Темір аудандық пробация қызметкерлері сотталған К.-ге жазаны орындау тәртібі, сот жүктеген міндеттер мен пробациялық бақылаудың шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жаза тәртібін бұзған жағдайда бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

Сонымен қатар, аудандық пробация қызметі сотталған К.-нің түзелу жолына нақты тұруы үшін оған бірқатар әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетеді: тұрғылықты жері бойынша ақылы-қоғамдық жұмысқа орналастырады, денсаулығын сауықтыру мақсатында қалалық емханаға емдетеді. Бұдан бөлек, тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында сотталғанмен ылғи профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп отырады.

Алайда, сотталған К. пробация қызметкерлерімен өзіне көрсетілген қолдауды ескерместен, ішімдікке салынуын қоймайды және себепсіз жұмысқа шықпай қояды. Онымен қоймай, ішімдік ішкен мас күйінде әйеліне қол көтеріп, балағаттап, отбасының тыныштығын бұзуды жалғастыра береді.

– Сотталған азамат биылғы жылдың наурыз айының 14-24 аралығында өткен «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы кезінде жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін түзеу мекемесіне қайтарылды. Өзгелерге де сабақ болсын деген мақсатпен онлайн форматта өткен сот отырысына құқық бұзушылыққа бейім Пробация есебінде тұрған басқа да сотталғандар қатыстырылды. Осы ретте сот талаптарын орындамаған сотталған К.-ның заңбұзушылық әрекеті басқа да есепте тұрған сотталғандарға сабақ болады деп сенеміз, – дейді Темір аудандық пробация қызметінің бастығы Ренат Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру