Павлодарда мас жүргізуші әйел ұсталды
Павлодарда мас жүргізуші әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 400-ден астам жүргізушіні полиция ұстады.
– Көлік құралын мас күйінде басқару – ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Ол жүргізушінің де, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да өлімі мен жарақатына әкелуі мүмкін. Қолданыстағы шараларға қарамастан, жүргізушілер ережелерді сақтамайтын жағдайлар болады, – деді Павлодар облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Полиция қызметкерлері 18 мамыр күні сағат 16:50-де Н. Назарбаев даңғылындағы 174 үйдің ауласында Mitsubishi Carisma автокөлігін басқарған 35 жастағы әйелді ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде әйелден алкогольдің өткір иісі шықты, бірақ ол алкогольді ішпедім деп мәлімдеді. Медициналық куәландыру қорытындысына сай әйел көлікті ауыртпалығы орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны анықталды.
Құқықбұзушыға қатысты тергеу жұмыстары басталды, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Сол күні тағы бір ер адам жауапсыздық танытып, рульге мас күйде отырған. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.