Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды

Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше кортеж жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірнеше жағдайы анықталды, онда жолаушы-түлектер автокөлік терезелерінен шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген. Автокөлік жүргізушілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырамыз.
Сонымен қатар, жалға алынған үйлер мен пәтерлердің иелері кәмелетке толмағандарға қандай да бір іс-шараларды атап өту үшін үйлерді жалға беруге жол бермеуді сұраймыз.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің немесе ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде болған жағдайда, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру