Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлеріне пара бермекші болған павлодарлық жазаланды

Полиция қызметкерлеріне пара бермекші болған павлодарлық жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру шеңберінде лауазымды тұлғаларға пара беру фактілерін анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізеді.

– Сәуір айында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторынан павлодарлық оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін оған екі мың теңге мөлшерінде заңсыз ақшалай сыйақы бермекші болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жүргізуші жол қиылыстарынан өту ережелерін немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережелерін бұзғаны анықталды, оны полиция қызметкерлері тоқтатты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 594-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушіге істің мұндай жағдайы ұнамады және ол мәселені осылай шешпекші болды, – деді Павлодар облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Төлеген Алпысбаев.

Полиция оған қатысты ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін атап өтті. Сот ер адамды кінәлі деп танылып, 11,25 (пара мөлшерінің еселенген) мөлшерінде, 22 500 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

– Ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицейлерге заңсыз ақшалай қаражатты бермекші болған төрт фактіні анықтады. Естеріңізге сала кетейін, егер сіз полиция қызметкерлерінің қатысуымен ақшалай сыйақы берудің немесе алудың куәсі болсаңыз, 8 (7182) 55-28-22 немесе 102 сенім телефоны арқылы хабарлай аласыз, – деп қорытындылады Төлеген Төлеуұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру