Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйдің ауласында есірткі өсірген қызылордалық ұсталды

Үйдің ауласында есірткі еккен Қызылорда облысы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД-ті Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 3 маусым күні өз үйінің ауласында алты түп сора өсірген аудан тұрғыны ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру