«Болашағың өз қолыңда»: БҚО-да акция өтті
Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі бизнесіне күрес күніне орай БҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығында акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия.
– Іс-шараның басты мақсаты – балаларға есірткінің адам ағзасына, отбасы мен қоғамға тигізер зиянын түсіндіру. Сол арқылы балаларды спортқа тарту, бос уақытын тиімді өткізу. Бос уақытында тиімді істермен өткізетін жастар ешқашан зиянды заиттарға жоламайтыны анық,- дейді БҚО ПД Кинология қызмет орталығының бастығы Жандос Сариев.
Шара барысында балалар Кинология қызметімен танысып, иттердің арнайы қойылымын тамашалады.