Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері алтын әшекейлерді ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Түркістан полицейлері алтын әшекейлерді ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті әйел тұрғын алтын әшекейлерінің ұрланғанын айтып арызданып келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 250 мың теңгеге жуық.

Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Нәтижесінде сарыағаштық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті Сарыағаш қаласының тұрғыны жас жігіт болып шықты. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің жәбірленушінің үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, өз арам ойын жүзеге асырғанын анықтады. Сол аралықта күдікті үйдегі алтын бұйымдарды көріп, оңай жолмен ақша табу мақсатында, әшекейлерді жымқырған. Бүгінде күдікті келу туралы міндеттемеде. Сарыағаш АПБ-ның тәжірибелі полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған алтын әшекейлер табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттарыңыз бен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар. Сондай-ақ аулаларыңызды жарықтандырып, есік-терезелеріңізге темір тор жасатыңыздар. Егерде сіз осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру