Алматыда патрульдік полицияның саптүзеуі өтті
Алматыда патрульдік полицияның саптүзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы күштері кешенінің дәстүрлі бірыңғай саптүзеуі бұл жолы негізінен профилактикалық сипатта болды.
Қатардағы түзуді, патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметтік көліктерін тексерумен қатар, инспекция басшылығы жеке құрамға заңды түсіндіру жұмысын өткізді.
Мақсаты – полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ішкі істер органдарының имиджін көтеру.
– Кез-келген полиция қызметкері азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірі үшін адал және жанқиярлық қызмет атқаруы қажет. Осыған байланысты біз тәртіп сақшыларына жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты қатаң, бұлжытпай сақтауды тағы бір рет еске салдық, – деді Алматы қалалық ПД ЖҚИ бастығы Ерлан Дюйсеков.