Көпбалалы ананы алдап кеткен шымкенттік алаяқ қолға түсті
Көпбалалы ананы алдап кеткен шымкенттік алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының Полиция басқармасына Шымкент қаласы Бадам елді мекенінің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел көпбалалы анаға мемлекет тарапынан ақша өндіріп беремін деп 100 мың теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Еңбекші Еңбекші аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі №39 УПП учаскелік полиция инспекторларымен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.