Теміртауда бөтеннің банк картасын пайдаланған екеу анықталды
Теміртаудың екі тұрғыны жоғалған банк картасын тауып, дүкеннен тауар сатып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 шілдеде 30 жастағы қала тұрғыны Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне жүгінді. Ол дүкендердің бірінің жанында банктік картасын жоғалтқанын айтты. Банктік картаны біреу тауып алып, сауда нүктелерінің бірінен 168 мың теңгеге тауар сатып алғаны анықталды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 20 және 21 жастағы екі жасты анықтап, ұстады. Олар кінәсін мойындар, қазіргі уақытта амалдары жүргізіліп жатыр.