Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде алаяқ тұрғынның цифрлық техникасын заңсыз иемденіп кетті

Өскеменде алаяқ тұрғынның 160 мың теңгенің цифрлық техникасын заңсыз иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Өскемен қаласының Полиция басқармасының «102» жедел арнасына 43 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол 2021 жылдың маусым айының басында белгісіз ер адам цифрлық техниканы сатуға көмектесемін деп оның «Lenovo» ноутбугін және «Laser Jet» лазерлік принтерін иемденгенін хабарлады. Қаскүнем жалпы сомасы 160 000 теңгеге материалдық залал келтірген.

Жедел-тергеу тобы анықтағандай, ағымдағы жылдың маусым айының басында әлеуметтік желілерде жәбірленуші өз үйіндегі еденді жабу үшін еден тақталарын сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Кейін оған белгісіз абоненттік нөмірден бір ер адам қоңырау шалып, еден тақталарын арзан бағамен бере алатынын айтты. Бірнеше күннен кейін ер адам коттеджге еденнің ауданын өлшеу үшін келді. Келесі күні ол жұмыс үшін алдын ала төлем сұрады, бірақ сол кезде жәбірленушінің қолында ақша болмағандықтан, ол цифрлық техниканы сатып, соның ақшасымен төлейтінін айтқан. Ер адам жәбірленушіден досына сату сылтауымен оның ноутбугі мен принтерін беруді ұсынды. Әйел оған өз мүлкін ойланбастан берді. Осыдан кейін жәбірленуші ер адамды да, техниканы да көрмеді.

Тексеріс барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, Полиция басқармасына жеткізді. Ол тергеу барысында өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру