Нұр-Сұлтанда ТЖО қызметкері автокөліктен катализатор ұрлап кетті
Нұр-Сұлтанда ТЖО қызметкері автокөліктен катализатор ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында ол қаладағы техника жөндеу орталығының бірінде шебер болып жұмыс істеген. Күдікті Volkswagen Passat маркалы автокөлігін жөндеу барысында бөгде адамдардың болмауын пайдаланып, құны 160 000 теңге тұратын катализаторды көліктен кесіп алу арқылы ұрлық жасаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.