Ақсу қаласында мас тұрғын Volkswagen автокөлігін ұрлап кетті
Ақсу қаласында мас адам Volkswagen автокөлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат 03:05-те Ақсу қаласын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Пушкин – Б. Момышұлы көшелерінің қиылысында Volkswagen маркалы автокөлігін байқаған, оның жүргізушісі құқық қорғау органдарының күдігін тудырған.
– Полицейлердің заңды талаптарын жүргізуші елемей, жасырынуға тырысты, бірақ оны бірден полиция ұстады. Тәртіп сақшыларының күдіктері расталды. Деректер базасын тексеру кезінде көліктің иесі басқа адам екені белгілі болды. Полицейлер автокөлікпен серуендеуді ұнататын адамды Әуезов көшесіндегі ауладан ұрлап кеткенін анықтады, – деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков.
Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде болған. Мас автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды. Сонымен қатар ол ұрлық жасағаны үшін заң бойынша жауап беруі керек.
Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 854 жүргізушіні анықтады.