Ақмолада полицейлер біреудің затын иемденіп кеткен такси жүргізушісін іздеп тапты
Ақмолада полицейлер біреудің затын иемденіп кеткен такси жүргізушісін іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20 тамызында Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 52 жастағы тұрғынынан ұрлық жасалғаны туралы арыз келіп түсті.
Жәбірленушінің айтуынша, такси жүргізушісі оған арналып жіберілген жөнелтпені алдау жолымен иемденіп алып, арызданушыға жеткізбеген. Алдын ала анықталғандай, 19 тамызда жәбірленуші мобильді қосымша бойынша такси арқылы Нұр-Сұлтан қаласынан корей өндірісінің косметикасы салынған жөнелтпені күтіп алуы тиіс болатын, алайда ол жеткізілмеген. Шығын сомасы 70 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ҚК-нің 188-бабы бойынша сотталған Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.