Шымкентте полицей адасып кеткен 3 жасар баланы ата-анасына тапсырды
Шымкентте полицей адасып кеткен 3 жасар баланы ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 тамызда Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында үш жасар баласы үйінің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің №57 учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылады. Тәртіп сақшылары аулалар мен көшелерді тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала 20 минут ішінде көшелердің бірінен табылып, ата-анасына аман-сау табысталды.
Шымкент қаласының полицейлері балаларды қараусыз қалдырмай, бас-көз болуға шақырады.