Қаруды сақтау ережелерін бұзған павлодарлықтар жазаланды
Қаруды сақтау ережелерін бұзған павлодарлықтар жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде Павлодар қаласындағы Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзу фактісін анықтады.
– Ережені 33 жастағы павлодарлық бұзған. Тағы бір жағдайда, 34 жастағы қала тұрғыны қаруын қайта тіркемеген. Ер адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Полиция мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін қару иелеріне қаруды сақтау ережелерін бұзбауға және қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін уақтылы ұзартуға кеңес береді.