Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 6 мың иесіз мал айыппұл тұрағына қамалды

Павлодар облысында 6 мың иесіз мал айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бастап облыс аумағында жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 5 фактісіне жол берілген.

– Павлодар полицейлері тұрақты негізде мал бастарының иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде, олардың барлығына қаңғыбас малға жауапкершілік туралы ескертілді ,- деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Санжар Муликбаев.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қаңғыбас малға арналған 146 айыппұл тұрағы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 6 мың иесіз мал айыппұл тұрағына орналастырылды.

– Мысалы, 6 қыркүйек сағат 15:45-те Шарбақты ауданының Александровка ауылында көшеде сиыр иесіз жүрген, бұл ретте жолдың жүріс бөлігіндегі жүргізушілерге кедергі келтірген. Бұл мал айып тұрағына айдалды. Кейін иесі анықталды, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, – деп хабарлады Муликбаев.

Тәртіп сақшысы өткен кезеңде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 641 құқық бұзушы тартылғанын хабарлады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБК 615-бабы бойынша әкімшілік материалдар құрастырылды. Сонымен қатар, тексеру барысында тиісті құжаттарсыз жануарларды тасымалдаудың 121 фактісі анықталды, барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру