Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефон сатып аламын: шымкенттік полицейлер интернет-алаяқты ұстады

Шымкенттік полицейлер интернет-алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Онда OLX интернет қосымшасында тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу аламын деп, ұялы телефонына келген хабарламаны сұрап алып, ондағы 300 мың теңге ақшасын басқа есепшотқа аударып алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру