Синтетикалық есірткі сатпақ болған 24 жастағы павлодарлық қолға түсті
Павлодарда синтетикалық есірткі сатпақ болған 24 жастағы жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым мен 30 қазан аралығында Павлодар облысының аумағында «Қарасора-2021» ведомствоаралық кешенді жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл кезеңде полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға бағытталған шараларды қабылдайды.
Өткен демалыс күндері Павлодар қаласында 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған ер адам мас күйінде болған. Жеке тексеру кезінде жедел уәкілдер оның сатуға дайын тоғыз түйінін тапты. Сараптама пакеттерде жалпы салмағы шамамен 10 грамм болатын синтетикалық препараттар бар екенін анықтады. Жас жігітке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кету керек, жыл басынан бері өңірлік полиция қызметкерлері есірткіге байланысты 94 құқық бұзушылықты анықтады, заңсыз айналымнан 74 келіден астам түрлі есірткі құралдары мен психотроптық заттар алынды.