Алматыда үйлердің қабырғасына есірткі жарнамасын салған 5 «суретші» жауапқа тартылды
Алматыда үйлердің қабырғасына есірткі жарнамасын салған 5 «суретші» қылмыстық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы граффити-суреттер көмегімен есірткі сатуға арналған интернет-мекенжайдың жарнамасын жасайтын «суретшілерге» жазаның қатаңдатылғанын еске салды.
– Бір кездері бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып саналды. Енді есірткі қылмысы, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін жауапкершіліктің жоғарылауына байланысты үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады және ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша квалификацияланады. Толық емес жұмысқа қабылданған кейбір жастар әлі күнге дейін бұл әрекеттер үшін нақты мерзім қауіп төндіретінін білмедік деп шағымданады. Алайда бір шындық бар: заңды білмеу адамды жауапкершіліктен босатпайды. Және мұндай қылмыстық жолмен оңай ақша табуды қалайтындардың бәрінің есінде болуы керек, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Анықтама үшін: сегіз айда 512 есірткі қылмысы анықталды, сатудың 117 фактісі, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 22 фактісі, есірткі затын сақтаудың төрт фактісі, 356 есірткі қылмысы, граффити-сызбасын салудың бес фактісі, бес есірткі өсіру және т.б. анықталды. Заңсыз айналымнан 121 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 86 келі «марихуана», 26 кило «гашиш», тоғыз келідей синтетикалық есірткі, сондай-ақ 400 грамм «героин».