Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында НҚП қызметкерінің жарақат алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

Ақмола облысында НҚП қызметкерінің жарақат алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте Ақмола облысы Зеренді ауданының «Зеренді астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС-да өндірістік жұмыстар кезінде кәсіпорынның 54 жастағы қызметкері жарақат алды. Таңғы сағат 04:00-де жәбірленуші аудандық ауруханаға «кеуде омыртқасының сынуы, ЖБМЖ» диагнозымен жеткізілді.

Тергеу бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі (Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында нақты себептер, сондай-ақ іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі қайғылы жағдайға әкелген барлық қатысы бар адамдар анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру