Елордалық ПД есірткінің заңсыз жарнамасына қарсы жедел әрекет ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде
Елордалық Полиция департаменті интернет арқылы синтетикалық есірткінің таралуына және оның заңсыз жарнамасына жедел әрекет ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде есірткінің заңсыз сауда айналымы негізінен ғаламтор желісі арқылы жүзеге асырылуда және ол жастар арасында кеңінен қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі сайттарда, блогтарда және форумдарда есірткіні жарнамалау мен насихаттау көмектеседі.
Есірткіні сатушылар тұтынушылардың санын көбейту мақсатында ғаламторды кеңінен қолданады, бұл оларға тек қастандық шараларын қолдануға ғана емес, сонымен қатар сатушылар мен сатып алушыларды іздеуді кеңейтуге, сондай-ақ, заңсыз есірткі аймағының маркетингті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бұл сайттардың көпшілігі шетелдік домендерде тіркелген, бұл олардың жұмысын толықтай тоқтатуға және есірткі бизнесінің ұйымдастырушыларын жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді.
Аталған әрекеттерді жасаған адамдарды анықтау және жауапқа тарту үшін Елордалық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірге прокуратураның қатысуымен, аудан әкімдіктерінің базасында тұрақты түрде тұрғындармен, КСК және коммуналдық қызметтердің басшыларымен граффити сызбаларын, жарнамаларды, синтетикалық психоактивті заттарды сататын сайттардың жарнамаларын таратумен айналысатын адамдар туралы ақпаратты жинау және өңдеу бойынша кездесулер өткізуде.
Жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 299-1 бабы бойынша (Есірткі сайттарын жарнамалау) 16 қылмыстық іс қозғалды.
Елорда тұрғындарынан есірткі заттарын жарнамалау бойынша интернет дүкендердің граффити суреттері бойынша 67 хабарлама келіп түсті (барлығы жойылды),18 веб-сайттың адрестері бұғаттауға жіберілді (телеграмдық арналар).
Бұл адамдардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электронды құралдарды қолдану арқылы насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Егер Сіз есірткі және психоактивті заттарды сақтау, өткізу фактілері туралы, сондай-ақ, оларға қатысы бар адамдар туралы білетін болсаңыз, Сіз Нұр-Сұлтан қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефондарына күндізгі уақытта 71 63 93 телефон арқылы және тәулік бойы 32 22 22 немесе 102 хабарлай аласыз.
Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі.