Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаған елорда тұрғынын ұстады
Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаған елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» республикалық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Шу-Қордай» автожолында Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты. Онда «Тея» атты қызметтік итімен автокөлікті тінту кезінде 37 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 16 келі 730 грамм «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдікті есіртік затын Нұр-Сұлтан қаласына және басқа қалаларға өткізу үшін тасымалдаған.
– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады). Күдікті кінәсін толық мойындап, Қордай ауданының УҰИ-на қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.