Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері жоғалған 13 жастағы жасөспірімді тапты

Қызылорда полицейлері жоғалған 13 жастағы жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қазан күні сағат 18:40 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына 13 жастағы жасөспірімнің анасы қызының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде арызданған.

Арызды алысымен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы барлық іздеу шараларын ұйымдастырды. Олар дабыл бойынша көтеріліп, жасөспірімді іздеуге бағытталған жұмыстарды атқарып, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шықты.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған қыз екі сағат ішінде облыс орталығының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Өз кезегінде, қыздың ата-анасы басқарма қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру