Қостанайда студенттерге есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қостанайда студенттерге есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Жастар үйі” басшылығымен бірлесіп жастармен кездесу ұйымдастырды.
Жастар үйінде тұратын студенттердің есірткіні пайдалану қаупі жоғары болғандықтан, оларға ерекше назар аударылады. Кездесу барысында қызметкерлер студенттерге есірткінің қаншалықты қауіпті екенін және адам ағзасы мен психикасына қандай зиян келтіретінін жеткізуге тырысты. Сондай-ақ полицейлер есірткі қылмысының құқықтық салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері туралы ескертті. Есірткі заттарын сақтау және өткізу бойынша анықталған қылмыстар мен қабылданған сот шешімдері туралы мысалдар келтірді. Жастарбелсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып, әңгімелесу өте танымды өтті.
– Бұл кездесудің мақсаты студенттердің нашақорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлықтың – қорқынышты дерт екендігіне сендіру, түрлі еліктіргіш азғыруларға қарсы тұра білуге, психологиялық тұрақты болуға шақыру болып табылады, – деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айгуль Ерадилова.
Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға әрдайым ерекше көңіл бөледі және нашақорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп келеді.