Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері боранда қалған жүргізушілерге көмектесті

Абай облысының полицейлері боранда қалған жүргізушілерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байбұра жолының үнемі борап қаралатын учаскесінде, сондай-ақ Каменка ауылына қарай Ображеновка ауылынан шығуда Көкпекті ауданының полицейлері жеңіл және жүк көлігінде қалып қалған азаматтарға көмек көрсетті.   Таңертең ауа райы бірқалыпты болғандықтан, жолаушылар жолға шыққан. Алайда түнге қарай боран басталып, адамдармен бірге үш ауыр жүк қарлы тұтқынға түсті. Нөлдік көріну және боран мұндай ауа райы жағдайлары жолдың осы учаскелерінде қалыптасты.  

Боранға қарамастан, аудан полицейлері трассаны тексеруге шықты, жол бойында тәртіп сақшылары кюветке үш фура ұшып кеткенін анықтады. Трассада үлкен кептеліс пайда болды, бірнеше учаскелерде кері көлік қозғалысы ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері арнайы техниканы шақырды, олар көліктерді тартып, оларды жолдың таза бөлігіне дейін алып барды, жеті адам құтқарылды.  

– 7 қаңтардаСамарка ауылынан шығып, тасты төбешіктен Камазыммен көтеріле алмадым. Көкпекті ауданынан келген полиция қызметкерлері техниканы ұйымдастырып, оның көмегімен көлігімді жолға шығарып, өз жолымды жалғастыруға көмектесті. Жолға шығуға көмектескен полицейлерге алғысымды білдіремін, – дейді жүк көлігінің жүргізушісі.

Қазіргі уақытта Байбұра учаскесінде 13 бірлік техника, ал 995-1045 км учаскесінде – 7 бірлік, соның ішінде жол машиналары, автогрейдерлер, бульдозерлер және жүк тиегіштер жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру