Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам өліміне күдікті ұсталды

Қарағанды облысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері адам өліміне қатысы бар күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


21 сәуір күні таңертеңгілік Қарағанды қалалық Полиция басқармасына Западный көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласында пышақ жарақаттары бар адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түскен. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Оқиға орнында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 42 жастағы азамат құрықталып, ұстау барысында ол полицияға қарсылық көрсеткен. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді.


Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру