Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөлдегі тыныштық пен қауіпсіздік – тәулік бойы полиция бақылауында

Жазғы демалыс маусымында Алакөл жағалауына келетін демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі рейд барысында полиция қызметкерлері жағалау аумағын, демалыс орындарын және адам көп шоғырланатын жерлерді патрульдеп, демалушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, жеке заттарына мұқият болу және заң талаптарын бұзбау жөнінде ескертулер беріледі.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлік құралын мас күйінде басқармау және қауіпсіздік белдігін тағу қажеттігі түсіндіріледі.

Полиция қызметкерлері демалушылардың демалысы тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін күндіз-түні қызмет атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.

Тәртіп пен қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындар мен қонақтарды заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру