Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ШҚО тұрғынын 10 млн теңгеге алдап кетті

Алаяқ ШҚО тұрғынын 10 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үлбі ПБ-ның кезекші бөліміне жеке кәсіпкер өзіне деген сенімділікті пайдаланған бейтаныс жігіттің 10 миллион теңге сомасында ақшаны иемденгені туралы хабарлап, аталған соманы өз қолымен тапсырғанын айтып, өтінішпен жүгінген.

Кәсіпкердің айтуынша, осы жылдың тамыз айының соңында аталған адам спорттық жабдықтарды сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алаяқтық жолмен ақшаны иемденіп алған. Алаяқ ақшаны алып, қайта хабарласпаған. Ер адам алаяқтың қулығына тап болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімі алаяқтың жеке басын анықтады. Ол 25 жастағы жігіт болып шықты, жауап алу кезінде ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру