Алаяқтардың айласы таусылар емес
Ақтөбеде алаяқ қомақты қаржыны жәбірленушінің шотынан өз шотына аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қаңтарда белгісіз біреу жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қызметкері деп таныстырды, белгісіз адамдар оның шотынан ақша алуға әрекет жасағанын айтты.
Жинақтарды сақтау үшін ақшаны уақытша шотқа аударуды ұсынды. Қаскүнем ақша аудару арқылы банк картасының деректемелерін иемденіп, 800 мың теңге сомасында ақшаны жымқырған.
Басқа жағдайда «OLX» қосымшасындағы белгісіз біреу «ГАЗ-53» және «ЗИЛ-130» автокөліктеріне қозғалтқышты сату сылтауымен 54 жастағы адамға тиесілі 72 900 Ресей рублі сомасындағы ақшаны иемденді. Жәбірленуші ақшаны шотқа аударды. Шығын 450 мың теңгені құрады.
Барлық фактілер негізінде ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осындай алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін Ақтөбе облысының ПД ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.
Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына шот деректерін беруді сұрамайды. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті ақпарат банктерде бар.