Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алдын ала төлем жасаған ақтөбелік алданып қалды

Ақтөбелік алаяқ аймақта жоқ пәтерлерді “жалға берді”, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Ақтөбе облысының ПД-не 39 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Оның айтуынша, ол пәтер жалдау үшін алдын-ала төлем ретінде 40 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алдап алған алаяқтың құрбаны болған.

Жәбірленуші хабарландыру бойынша ұзақ мерзімге пәтер іздеген. “Пәтердің иесіне” хабарласып, жәбірленуші тұрғын үйдің фотосуреттерін алғаннан кейін тұрғын үйді жалға алу үшін алдын-ала төлем жасаған. Ақша алаяқтың шотына түскеннен кейін, ол жалға алушылармен байланыс орнатуды тоқтатқан. Ол аймақта жоқ пәтерлерді “жалға берді”.

Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталуда. Оны ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздестіру жұмыстары басталды.

– Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды сұрайды. Ақшаны беру кезінде сіз үйді жалға алуға, тауарлар мен қызметтерді ұсынуға құқығы бар адаммен қарым-қатынас жасағаныңызға көз жеткізуіңіз керек. Мессенджерлер арқылы жіберілген жеке куәліктердің суреттеріне сенуге болмайды. Пәтер иелері бұл пәтерді шынымен тапсыратынына көз жеткізіп, құжаттарды тексеріп, рәсімдеп, содан кейін ғана қызмет ақысын төлеу қажет, – деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Алаяқтардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Полиция департаментіне хабарласуды, 8 (7132) 936-223 немесе “102” телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру