Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ескі жаңа жылды мейрамханада атап өткендер жауапқа тартылды

Жамбылдық полицейлер карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтау бойынша іс-шараларды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылдық полицейлермен карантиндік шектеулердің сақталуын тексеру бойынша іс-шараларды жалғастыру барысында азаматтар көп жиналатын еске алулар мен мерекелік жиындарға тыйым салынғанына қарамастан, тұрғындардың оны назардан тыс қалдыру деректері жиілеуде. Ағымдағы жылдың 1-13 қаңтары аралығында 137 рейдтік тексерумен әртүрлі меншік нысанындағы 646 нысан қамтылды. Карантин режимін сақтау бойынша 51 мониторингтік топ әр нысандардағы тоғыз бұзушылық дерегін анықтады, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Мысалы, 13 қаңтарда облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде “ескі жаңа жыл” мерекесіне орай 40 адамға арналған банкет ұйымдастырылған. Мейрамхана иесіне қатысты хаттама толтырылды. Ал, жеке тұлғаға қатысты баптың санкциясы 30 АЕК немесе 83 340 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, сатушылары келушілерге медициналық маскаларсыз қызмет көрсеткен бес дүкен анықталды. Сондай-ақ, басқа да сауда нүктелерінде жергілікті тұрғындарда жеке қорғаныс құралдарының болмау деректері анықталды. Сондай-ақ, сабақ барысында әлеуметтік қашықтық және міндетті түрде бетперде кию тәртібі сақталмаған бір медресе анықталды.

Тек 2020 жылдың 5 шілдесінен 31 желтоқсанына дейінгі аралықта рейдтік тексерулер жүргізу кезінде әртүрлі меншік нысандарда 911 бұзушылық дерегі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 608 ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру