Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖД басшылығы жараланған қызметкерлерге барды

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы тергеу изоляторларына шабуыл жасау салдарынан жараланған қызметкерлерге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов тергеу изоляторына қарулы топтың шабуылы кезінде зардап шеккен ҚАЖ жараланған қызметкерлері орналасқан ауруханаға барды.

Дәрігерлер жаралыларды емдеу асқынусыз өтуін, олардың біреуі амбулаториялық емделуге жіберілгенін және жақында олар қызметтік міндеттерін орындауға орала алатындығын атап өтті.

Департамент басшысы қызметкерлерге жауынгерлік қызметі үшін алғыс айтып, тезірек сауығып кетуін тіледі.

– Жігіттер өздерін нағыз батыр ұстап, қарулы топпен күресте өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті. Олар шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Департамент тарапынан біздің қызметкерлер үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етуге көмек көрсетілетін болады, – деп атап өтті департамент бастығы Игілік Хасенов.

Еске салайық, 7 қаңтарда қарулы топ ЛА-155/16 мекемесінің (тергеу изоляторы) аумағынан тыс жерде болған қызметкерлерге оқ жаудырды. Нәтижесінде бір қызметкер қайтыс болды, екеуі жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру