Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері ақша ұрлаған бейтаныс қонақты әшкереледі

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні сағат 18:15 шамасында Қарасай АПБ кезекші бөліміне Қаскелең қаласының 62 жастағы тұрғыны 80 000 теңге қаражатының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Жәбірленушіден жауап алғаннан кейін тәртіп сақшылары оның ақшасы жоғалмай тұрып, оның үйінде қонақта өзі бір күн бұрын танысқан Вася есімді бейтаныс адамның болғанын анықтады. Василийді іздеу жұмыстары қиынға соқты, себебі азамат ол туралы оның аты мен айрықша белгілерінен басқа ештеңе білмеді. Ауызша портрет құрастырылып, жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілгеннен кейін полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдікті Василийді тауып, ұстады. Ол келтірілген бірқатар дәлелдемелерден кейін ұрлық жасағанын мойындады. Сондай-ақ, ол бір күн бұрын бірге ішімдік ішкен бейтаныс адам қоңырау шалып, мекен-жайын айтып, қонаққа шақырғанын жеткізді. Сонымен қатар, пәтер иесі сыраға ақша берген сәтте, ол көкірекшеден алынған әмияннан үлкен ақша соммасын көріп, ұрлық жасауға шешім қабылдағанын айтты. Дүкеннен оралғаннан кейін, ол үй иесімен сыра ішіп, кетер алдында оның әмиянынан 80 000 теңгені алып кеткен. Ұсталған азамат ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған: таксиге, қонақ үйге, алкоголь, барбекю, темекі және т.б. сатып алуға. Күдікті полицейлердің оны тез тауып алғанына деген таңданысын жасыра алмады.

Полиция өз кезегінде, азаматтарға бейтаныс адамдармен сөйлескен кезде абай болуды, оларға ақша көрсетпеуді және күмәнді адамдармен таныспауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру