Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпқабатты үйдің жертөлесінен велосипедті ұрлап кетті

Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғыны ұрланған велосипедін тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек күні Саран қалалық полиция бөліміне Наиля Гумерова есімді азаматша хабарласып, белгісіз біреулер көпқабатты үйдің жертөлесінен велосипедті ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Аталған қылмысты ашу жұмысымен криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері айналысқан.
14 қыркүйек күні жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдермен осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Күдіктіден ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Тез арада әрекет етіп, ұрланған затын тауып берген полиция қызметкерлеріне деген алғысын Наиля Гумерова әлеуметтік желіде жариялады.

– Тез арада ұрлық қылмысын ашқан Саран қалалық Полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Арман Битеновке, Нұрлан Бакировке, Шыңғыс Кликеевке алғысым шексіз. Бұндай қызметкерлерге қандай істі болсын сеніп тапсыруға болады. Сіздердің атқарған жұмыс, төккен тер, еңбектеріңізге мың алғыс. Қызметтеріңізге жеміс тілеймін. Полицияның жұмысына дән риза ұлымның атынан жеке рахмет, – деді азаматша әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру