Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы хабар-ошарсыз жоғалған 49 жастағы ер адамның мекенжайын анықтауға көмек сұрайды

Алматы облысының полициясы хабар-ошарсыз жоғалған 49 жастағы ер адамның мекенжайын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар аудандық полиция басқармасы 1971 жылы туған Хамит Анасұлы Мингазовқа іздеу жариялады. Ол биыл 25 маусымда Талғар ауданының Бесағаш кентінде орналасқан “Петрол Азия” жанармай бекетінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 175-180 см., орташа денелі, көздері көк, шашы қара бұйра, аз ғана мұрты бар.

Үстінде қара түсті джинсы, түсі ақшыл жейде, аяқтарында қара аяқ киім, алтын түсті жазуы бар қара қалпақ киген.
Ақпарат бергендерге құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Іздеу жарияланған тұлғаның мекенжайы немесе ол туралы қандай да ақпарат білетін адамдар 8 ( 7282 ) 600-232, 600-233 телефондарына немесе Талғар АПБ-не 8 (727) 295-61-05, 95-63-96 телефондары бойынша хабарласуын сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру