Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда тұрмыстық құқық бұзушылыққа жол берген 40-тан аса адам бақылауға алынды

“Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күні тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары 167 есепке алынған адамды тексеріп, оларға қатысты қорғау ұйғарымын шығарып, сот ерекше талаптар қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол берген 44 адам полицияға бақылауға алынды.

– Полиция қызметкерлері 28 әкімшілік бұзушылықты анықтады, оның ішінде ерлі-зайыптылардың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған екі фактісі, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндеттерін атқармаған екі ата-ана, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шақарғалиев.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шараны өткізу кезінде алкоголь өнімін тәуліктің белгіленбеген уақытында сатудың екі фактісі анықталды. Дүкен иелері ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда мас күйінде болған 16 адамды ұстады, олардың сегізі маскүнемдіктен арнайы емдеу мекемесіне жіберу үшін бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру