Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы “Автобус” іс-шарасын өткізуде

Алматы полициясы “Автобус” іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жол-көлік оқиғаларын азайту және қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін жақсарту мақсатында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осы іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктер мен жүргізушілердің азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді.

– Қаладағы қоғамдық көліктердің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады. Қалалық көліктер ғана емес, қалааралық автобустар да тексеріледі. ЖАІ-нің алғашқы күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 51 бұзушылық тіркелді, оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 18 әкімшілік хаттама жасалды, сапар алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпегендер – бес, жолаушыларды, жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу – алты, телефонды немесе радиостанцияны көлік құралын басқару кезінде пайдалану – тоғыз, қарсы жолаққа шығу – екі. Әр түрлі бұзушылықтар үшін қоғамдық көлік паркінің екі лауазымды адамы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру