Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды

Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шара барысында бес ер адам ұсталды. Олардың барлығы да Жамбыл облысы, Шу ауданының тумалары.

– Күдіктілер қаланың әр жерінде ұсталды. Мәселен, Қалқаман шағын ауданында 46 жастағы А. есімді азамат құрықталды. Рұқсат етілген тінту кезінде одан сығымдалған гашиш заты салынған төрт бума, 1 млн 150 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша және ІІО зейнеткерінің жалған куәлігі табылды және тәркіленді. Ал күдіктінің үйінен, үйдің қазандығынан жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты салынған 7 полиэтилен бумасы мен металл таразылар табылды. Дәл сондай жалған құжат топтың тағы бір мүшесінен – 40 жастағы О. есімді азаматтан тәркіленді. Арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 34 келіге жуық гашиш тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Полицейлердің айтуынша, Алматыға есірткі жеткізу арнасы анықталды.

Қазіргі уақытта шөпті әлеуетті пайдаланушылардың ауқымы тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар Алматы қалалық ПД, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру